Басқару серверлерінің иерархиясын жасау: қосалқы Басқару серверін қосу

Басқару серверін қосалқы Сервер ретінде қосып, осылайша "басты Сервер – қосалқы Сервер" иерархиясының қатынасын орнатуға болады. Басқару консолі арқылы қосылу үшін, қосалқы еткіңіз келетін Сервердің қолжетімді болып-болмағанына қарамастан қосуға болады.

Серверлерді иерархияға біріктіру кезінде екі Сервердің 13291-порты қолжетімді болуы керек. 13291-порт Басқару консолінен Басқару серверіне қосылымдарды қабылдау үшін керек.

Басқару серверін басты Серверге қосалқы Сервер ретінде қосу

Басқару серверін 13000-порт арқылы басты Серверге қосылатын қосалқы Сервер ретінде қосуға болады. Сізге екі Басқару серверінің TCP 13291 порттары қолжетімді болып табылатын Басқару консолі орнатылған құрылғы қажет болады:

Консоль арқылы қосылуға қолжетімді Басқару серверін қосалқы Сервер ретінде қосу үшін:

  1. Қолдау көрсетілетін басты Сервердің 13000-порты қосалқы Басқару серверлерінен қосылымдарды қабылдау үшін қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Басқару консолін пайдаланып, болашақ негізгі Басқару серверіне қосылыңыз.
  3. Қосалқы Басқару серверін қосу жоспарланып отырған басқару тобын таңдаңыз.
  4. Таңдалған топтың Басқару серверлері түйінінің жұмыс аймағында Қосалқы Басқару серверін қосу сілтемесі арқылы өтіңіз.

    Қосалқы Басқару серверін қосу шебері іске қосылады.

  5. Шебердің бірінші қадамында (топқа қосылған Басқару серверінің мекенжайын енгізу) болашақ қосалқы Басқару серверінің желілік атауын енгізіңіз.
  6. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

"Басты Сервер – қосалқы Сервер" қатынасы орнатылады. Қосалқы Сервер басты Серверден қосылым қабылдайды.

Егер сізде екі Басқару серверінің TCP 13291 порттары қолжетімді Басқару консолі орнатылған құрылғы болмаса (мысалы, болашақ қосалқы Сервер қашықтағы кеңседе болса және қауіпсіздік мақсатында қашықтағы кеңсе жүйелік әкімшісі 13291-портты интернет арқылы қолжетімді етпесе), сіз әлі де қосалқы Серверді қоса аласыз.

Консоль арқылы қосылуға қолжетімді емес Басқару серверін қосалқы Сервер ретінде қосу үшін:

  1. Болашақ басты Сервердің 13000-порты қосалқы Басқару серверлерінен қосылу үшін қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Болашақ негізгі Басқару сервері сертификаты файлын сыртқы құрылғыға жазыңыз (мысалы, алынбалы жетек) немесе Басқару сервері орналасқан қашықтағы кеңсенің жүйелік әкімшісіне жіберіңіз.

    Басқару сервері сертификатының файлы %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\cert\klserver.cer мекенжайы бойынша Басқару серверінде орналасқан.

  3. Болашақ қосалқы Басқару сервері сертификатының файлын сыртқы құрылғыға жазыңыз (мысалы, алынбалы жетек). Егер болашақ қосалқы Сервер қашықтағы кеңседе болса, қашықтағы кеңсенің жүйелік әкімшісінен сізге сертификат жіберуін сұраңыз.

    Басқару сервері сертификатының файлы %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\cert\klserver.cer мекенжайы бойынша Басқару серверінде орналасқан.

  4. Басқару консолін пайдаланып, болашақ негізгі Басқару серверіне қосылыңыз.
  5. Қосалқы Басқару серверін қосу жоспарланып отырған басқару тобын таңдаңыз.
  6. Басқару серверлері түйінінің жұмыс аймағында Қосалқы Басқару серверін қосу түймесін басыңыз.

    Қосалқы Басқару серверін қосу шебері іске қосылады.

  7. Шебердің бірінші қадамында (мекенжай енгізу) Қосалқы Басқару серверінің мекенжайы (міндетті емес) өрісін бос қалдырыңыз.
  8. Қосалқы Басқару серверінің сертификат файлы терезесінде Шолу түймесін басып, бұрын сақталған қосалқы Сервер сертификаты файлын таңдаңыз.
  9. Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, басқа Басқару консолі арқылы болашақ қосалқы Басқару серверіне қосылыңыз. Бұл Сервер қашықтағы кеңседе болса, қашықтағы кеңсенің жүйелік әкімшісінен болашақ қосалқы Басқару серверіне қосылуын және онда келесі қадамдарды орындауын сұраңыз.
  10. Басқару сервері түйінінің контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  11. Басқару сервері сипаттарында Кеңейтілген бөліміне, содан соң Басқару серверлерінің иерархиясы бөліміне өтіңіз.
  12. Бұл Басқару сервері иерархияда қосымша жалаушасын қойыңыз.

    Енгізу өрістері енгізу және өңдеу үшін қолжетімді болады.

  13. Негізгі Басқару серверінің мекенжайы өрісінде болашақ негізгі Басқару серверінің желілік атауын енгізіңіз.
  14. Шолу түймесін басу арқылы болашақ негізгі Сервердің бұрын сақталған сертификат файлын таңдаңыз.
  15. OK түймесін басыңыз.

"Басты Сервер – қосалқы Сервер" қатынасы орнатылады. Басқару консолі арқылы қосалқы Серверге қосыла аласыз. Қосалқы Сервер басты Серверден қосылым қабылдайды.

Негізгі Басқару серверін қосалқы Серверге қосу

Негізгі Сервер 13000-порт арқылы қосалқы Серверге қосылуы үшін жаңа Басқару серверін қосалқы Сервер ретінде қоса аласыз. Бұл, мысалы, егер сіз қосалқы Серверді демилитаризацияланған аймаққа орналастырсаңыз, орынды болады.

Сізге екі Басқару серверінің TCP 13291 порттары қолжетімді болып табылатын Басқару консолі орнатылған құрылғы қажет болады:

Жаңа Басқару серверін қосалқы Сервер ретінде қосу және басты Серверді оған 13000-порт арқылы қосу үшін:

  1. Болашақ қосалқы Сервердің 13000-порты басты Басқару серверден қосылымдарды қабылдау үшін қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Басқару консолін пайдаланып, болашақ негізгі Басқару серверіне қосылыңыз.
  3. Қосалқы Басқару серверін қосу жоспарланып отырған басқару тобын таңдаңыз.
  4. Қажетті басқару тобының Басқару серверлері түйінінің жұмыс аймағында Қосалқы Басқару серверін қосу сілтемесі арқылы өтіңіз.

    Қосалқы Басқару серверін қосу шебері іске қосылады.

  5. Шебердің бірінші қадамында (топқа қосылған Басқару серверінің мекенжайын енгізу) болашақ қосалқы Басқару серверінің желілік атауын енгізіңіз және DMZ режимінде негізгі Басқару серверін қосалқы Басқару серверіне қосу жалаушасын қойыңыз.
  6. Болашақ қосалқы Серверге прокси-сервер арқылы қосылсаңыз, шебердің бірінші қадамында Прокси-серверді пайдалану жалаушасын қойып, қосылым параметрлерін енгізіңіз.
  7. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Басқару серверлерінің иерархиясы орнатылады. Қосалқы Сервер басты Серверден қосылым қабылдайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Демилитаризацияланған аймақта қосалқы Сервері бар Басқару серверлері иерархиясы

Басқару серверлерінің иерархиясы: негізгі Басқару сервері және қосалқы Басқару сервері

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Басына оралу